Коммунальное государственное учреждение «Алаботинская средняя школа» коммунального государственного учреждения «Отдел образования Тайыншинского района» коммунального государственного учреждения «Управление образования акимата Северо-Казахстанской области»
Елімізде Қазақстан Ресубликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – флешмоб. Отанымыздағы «25 жыл: Бір ел. Бір тағдыр» атты өтіп жатқан науқан бойынша флешмоб өткізу де ерен орын алған болатын. «Жас Ұлан» ұйымы да Отаныңа деген патриоттық сезімін білдіру үшін 25-қараша күні «Бұл жылдар ғасырға тең» атты флешмоб өткізді. Флешмобтың мақсаты – оқушыларды Тәуелсіздікті бағалауға, елін құрметтеуге, сүюге, мақтан тұтуға бағытталды. Ұйым мүшелері флешмоб дайындауда өздерін жаңа қырларынан танытты. Барлығы «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» болып бірігіп жасалған шара ешкімнің назарынан тыс қалмады. Бұл флешмоб балалар ұйымы жұмысының нәтижесін көрсетті. Билеу арқылы оқушылар көпшілік жерде өздерін ұстауды үйреніп, мектеп ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.